CTS көлік компаниясы Астанада футбол жанкүйерлері үшін 10 бағыттағы автобустардың жұмыс уақыты ұзартылатынын мәлімдеді. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz- ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Құрметті футбол жанкүйерлері! 30 қарашада сағат 21:30 "Астана Арена" стадионында елордалық "Астана" футбол клубы мен "Динамо" Загреб футбол клубының ойыны өтеді.
Футбол жанкүйерлеріне ыңғайлы болу үшін қалалық №№ 10, 12, 26, 37, 40, 49, 51, 53, 60 және 303 қала маңы бағдарларының жүру уақыты ұзартылады. Осылайша, жанкүйерлер ойын аяқталғаннан кейін межелі жерге кедергісіз жете алады", — делінген хабарламада.