«Ирина Қайратовна» тобы мобилографының өлімі: ресми себебі расталды

Өлімнің алдын-ала себебі "жедел геморрагиялық панкреонекроз".

Астананың Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері "Ирина Кайратовна" тобының концерті кезінде мерт болған 21 жастағы мобилографтың өлімінің себебін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы turkystan.kz -ке сілтеме жасап.

Басқарманың баспасөз қызметінің мәліметінше, сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша 21 жастағы мобилографтың өлімінің себебі анықталған.

"Өлімнің алдын-ала себебі "жедел геморрагиялық панкреонекроз" токсикологиялық зерттеу нәтижелерімен расталды", — дейді басқарма өкілдері.

Айта кетейік, 14 қазан күні "Ирина Кайратовна" тобының мобилографы Жылқайдаров Шахназ Астанадағы концерт кезінде кенеттен қайтыс болған еді. Кейін топ мобилографтың отбасына көмек көрсететінін айтты.