Қазақстанда бензин мен дизельдің жаңа шекті бағасы белгіленбек

Қазақстан бензин мен дизельдің жаңа бағасын белгілеуді жоспарлап отыр, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілітеме жасап.

Бұйырық жобасында, бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы өткізудің шекті бағалары қосылған құн салығы есебімен мынадай мөлшерде белгілеу ұсынылған:

  • Аи-80 маркалы бензин – 1 литріне 89 теңге;
  • Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литріне 205 теңге;
  • дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литріне 295 теңге.

"Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", — делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазір жазғы дизель отынының шекті бағасы шетелдіктер үшін 450 теңге, қазақстандықтар үшін 295 теңге.