"Шашыма балам қылқынып қалған": Ару тобықтан асатын бұрымы туралы әңгімелеп берді

23.08.2023

Мөлдір Бекжан есімді ару желідегі жұртқа ұзын бұрымымен танылған.

Ол өз парақшасында шаш күтіміне қатысты кеңестерімен бөліседі. Түрлі БАҚ құралдарына сұхбат та беріп үлгерген. Мөлдір көптің назарын жаулаған шашына тіпті қайшы тигізіп көрмегенін айтқан, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.

"Шашымды қалай өсірдім? Шаш өсіргеніме 20 жыл уақыт кетті. Қайшы тигізіп көрмедім. Ұшталғанда да қимадым. Аптасына 1 немесе 2 рет қана жуынамын. Үнемі өріп не түйіп жүремін. Ешқашан боямадым. Фенмен кептірмеймін. Лак, үтіктеу, бұйралау құралдарын мүлде қолданбаймын", — деген ол.

Мөлдір Қазақстан телеарнасы өткізген "Бұрымды қыз" байқауының жеңімпазы. "Қазақстандық Рапунцель" дейтін лақаб есімі де бар.

Сондай-ақ ол оқырмандарына фаст фуд тағамдарын жемейтінін, газдалған сусын ішпейтінін, ерте ұйықтап, таңертең 1 стақан су ішетінімен бөліскен.

Желі қолданушылары тарапынан түрлі сауалдар келіп түсетін көрінеді. Арасында қызықты хаттар да бар. Мөлдір ол туралы stories-те бөліскен.