БҚО-да миллион доллар бопсалаған қазақстандық ұсталды

12.01.2024

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері етті мал шаруашылығымен айналысатын ЖШС құрылтайшыларынан миллион АҚШ долларын бопсалаған өңір тұрғынын ұстады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдікті Toyota Mark II автокөлігінің ішінде ақша алу сәтінде құрықталды. Көлікті тінту кезінде сол жақтағы алдыңғы жолаушылар орындығының қалтасынан 4 миллион теңге тәркіленген.

Сонымен қатар, қаскүнемнің барсеткасынан 50 мың теңге табылды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр ("Бопсалау").

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.